"Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу -
    ең алдымен өзінің тұрған өлкесінің тарихын, 
       табиғатын танудан, өнерін құрметтеп,
          адамдарын ардақтаудан басталады."

 

      Құрметті оқырман !
 
Туған жер, сенде гүл аттым,
Төсіңде тұңғыш жылаппын.
Өзіңде тұңғыш құлаппын...
 
Туған жер, сенің төсіңде
Тыңдаған сырын құүрақтың.
Тыңдағам жырын бұлақтың
Таусылмас ән мен күйіңді
Көкірегіме құлаттым.
 
Жалынын берді мұрат күн
Жаныма әсте жырақ мұң.
Сәулесін саған арнаған

       Мен де бір жанған шырақпын...  – деп жырлаған ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына  95 жыл. Қазақ поэзиясында Бәкір Тәжібаевтың жырлары әнмен әрленіп, қазақ аспанында шырқалғанына ғасырға жуық уақыт  болды.

        Қазақтың әдебиеті мен мәдениетінде, өнерінде  өзінің қолтанбасын қалдырған сан қырлы талант Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы «Құйылып өңкей келісім»  - деп  ұлы ақын Абай айтқандай, бір адамның бойынан бірнеше қабілеттің табылуы сирек кездесетін құбылыс.

       Қазақ өнерінің бар асылын бойына жиған, туған халқының «Ақбұлақ - ағасы»  атанған, ақын Ертай Ашықбаев айтқандай «Поэзия, проза, либретто, драма, жолжазба ...  Бәкір Тәжібаевтың қаламы бақ сынаған жанр көп, ол атқарған қызметтер де өмірбаянында тізіліп тұр». Талантты жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығынан хабардар болуыңыз ашылған «Ән мен жырдың  Ақбұлағы» кітапханалық блогына хош келдіңіз!