Тәжібаев Б.
Кел, дос болайық: Мектеп сахнасына арналған шағын пьесалар .- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1963 .- 40 б.
Бұл кітапқа мектеп сахнасына лайықталып жазылған «Әй, Әнипа-ай!», «Ойлану керек екен», «Кел, дос болайық» т.б. пьесалар жинақталған.
Тәжібаев Б.
Балбұлақ: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1969-84 б.
Ақын Бәкір Тәжібаевтың «Балбұлақ» атты жинағына біраз жылдан бері жазған лирикалық өлеңдері енді.
Сонымен қатар бұл кітапта ақынның ел арасында айтылып жүрген ән текстері мен «Ана жүрегі» дастаны бар.
Тәжібаев Б.
Жүріп келем: Өлеңдер, әндер .- Алматы: Жазушы, 1976 .- 80 б.
Ақын Бәкір Тәжібаев «Жүріп келем» атты жаңа жинағында өскен елге, туған жерге, адал жарға деген жүрек сезімін, ыстық махаббатын шабыттана жырға қосады.
Жинақтың екінші бөлімі түгелдей ақынның көпшілік сүйіп айтатын ән өлеңдерінен құралған. Бәкір Тәжібаевтың бұл кітабы оқушы қауымның да, ән құмар жастарымыздың да көңілінен шығады деп сенеміз.
Тәжібаев Б.
Жыр – жолаушы: Өлеңдер .- Алматы: Жазушы, 1982 .- 80 б.
Ақын Бәкір Тәжібаевтың «Жыр – жолаушы» атты бұл кітабына соңғы жылдары жазылған өлеңдері енді. Жинақ үш бөлімнен тұрады. Бәкір жырлары негізінен ткған жер, өскен ел, достық, махаббат тақырыптарын қамтиды. Сонымен қатар ақын өнер туралы да толғаныс-ойларын ортаға салады.
Тәжібаев Б.
Сахна жұлдызы .- Алматы: Жалын, 1977 .- 104 б.
Бәкір Тәжібаевтың бұл кітабына қазақ өнер шеберлері жайлы жазылған портрет-очерктері енді.
Одақ көлемінде орындаушылық шеберліктерімен танымал әнші-актерлердің творчествосы мен өмір жолындағы қызықты деректерге құрылған кітап жеңіл оқылады.
Тәжібаев Б. Қараторғай. (хикаялар). Алматы. -"Жазушы"- баспасы, 1967-136 б.
Ақын сазгер, драматург Б.Тәжібаевтың проза саласындағы тұңғыш туындысында өмірді, махаббатты, сәулеттілікті жырлайды.
Тәжібаев Б.
Біздің Роза.-Алматы:
"Қазақсан", 1969-76б. ("Қазақстан өнер шеберлері")
Б.Тәжібаевтың "Біздің Роза" деген еңбегі КСРО халық артисі Роза Бағланованың творчествосы мен өмір жолына арналады.
Тәжібаев Б.
Дала жолдары: Өлеңдер -Алматы, Жазушы, 1980-100 бет. Б.Тәжібаевтың "Дала жолдары" атты бұл жинағына туған жердің тамаша табиғатын достық пен адамгершілікті, жастық пен махаббатты тебірене жырлайды. Әнсүйер қауым Б.Тәжібаевтың өзінің де, өзге композиторлардың әндеріне жазған жаңа өлеңдерін оқи алады.
Тәжібаев Б.
"Сал Сары мен қыз Қосан., " Қалауов Н. Жарқ еткен жасын ғұмыр: Сары Батақұлы туралы зерттеулер, деректер, пьеса және оның шығармалары, Ақтөбе.-2013.-95-124б