АНА ЖҮРЕГІ
«...Қасірет-мұң жоқ жерде өнер де жоқ — дейтұғын қағида барқашаннан...»
Эдуардас Межелайтис.
і.
(Ана үйінің алды. Шарбаңтың іші не бір түрлі жеміс
ағаштарына толы. Бір тұстан жарқын жүзді Алма мен Бағлан шығады.)
Б а ғ л а н.
Тоқташы
жалғыз сәтке, жаным Алма!
(Алманы тоқтатады.)
А л м а. (Күліп).
Апам
бізге жылдам жет деген жоқ па?
Әңгіменің
таусылар күні бар ма?!
Б а ғл а н.
Күн
емес-ау, жыл жетпес сырласуға,
Жүргенде
ғашық жарым сен қасымда!
(Екеуі сәкіге келіп отырысады.)
А л м а.
Ал
тағы да не айтасың?
Б а ғ л а н.
Күнім
деймін, мен сені гүлім деймін.
Ал м а. (сықылықтап күледі).
Осылай
деріңді білгем баста-ақ...
Б а ғ л а н.
Ұқсайсың
да тұрасың сен шынарға!..
А л м а.
Үмітпенен
жүрейік жақсы өмірде,
Б а ғ л а н.
Тек
өзіңсің бір ғана бақыт құсым
Саған
деген мол сырым таусылар ма!..
А н а. (Үйден Ана. шығады).
Бүгінгі болар тойды елге хабарладындар ма, балаларым?
Бағлан.
Жария
еттік ел-жұртқа.
А л м а
Жария
еттік.
А н а.
Көп
жаса қалқам, Алмажан!
Көп
жаса, балам, Бағланжан!
Ақ
тілеу жазса жақында,
Сендерге де той қылам!
Құдағи,
кұда алдында,
Сөз
байласып қойды анаң!..
(Алма
ұялған күйде теріс айналып кетеді).
Сал Сары мен Қыз Қосан
(2 бөлімді драма)
1 көрініс
Мырзағұл: Ән!....Ән!....Осы әнді! Ауыздарынан тастамайтын
болыпты, бұлар. Айттырармын әлі!... (Қобалжыған күйде)
(Аздан
соң екі бойжеткен көрінді. Бұл Мырзағұлдың немере екі қарындасы Қыз Қосан,
екіншісі құрбысы Қалампыр)
Қосан: Сарының әні ғой, айтып
жүргендері. Айта түссе екен тағы.
Қалампыр: Ия, Сарының әніне құлақтың
құрышы қанған ба? Шіркін!
(Қалың ши арасынан жас жігіт шыға келді. Қыздар шошып қалды)
Қалампыр: Туу, сен бе едің, Төлен?
Дыбыстан келсең болмай ма? (сақтықпен)
Сендермен бүгін қалай кездессем екен, -деп келе жатқан едім. Ойда жоқта өздерің
жолығып жақсы еттің-ау.
Екеуіңнен
алар сүйіншім бар.
Қосан
Қалампыр:
(қабаттаса) Айта бер, айта бер.
Қалағаның болсын, тоқталма!
Төлен:
Олай болса, айтайын. Сары бүгін Жармоланың түрмесінен қашып шықты.
Қосан: (өзі)
Бере гөр, құдай тілекті жасағай?!
"Жарқ еткен жасын ғұмыр" кітабынан оқиаласыңдар .