Әндері

                                                                          АҚБҰЛАҚ 

Күндіз-түні бір тынбай дала кезген шапқылап,
Құмар едім өзіңе бала кезден,  Ақбұлақ.
Әнге бөлеп маңайды асып-тасып  жатасың.
Ақ моншақтан аспанға шашу шашып жатасың.

Сенің келіп жағаңа Анам талай  су алған.
Сенің келіп жағаңа Әкем атын  суарған.
Айналайын Ақбұлақ, асыр салғам жағаңда,
Сенен артық өлкені бұл әлемнен табам ба!?

Шексіз жатқан жерімді сүйіп келіп  жатасың,
Бойыңдағы барыңды үйіп беріп  жатасың.
Тынбай кезсең даламның атырабын,  Ақбұлак.
Тұнығыңнан жайқалған жапырағым,  Ақбұлақ.
 
Сұлу саздан сән беріп, бір тынбаған, Ақбұлақ,
Кыз-жігіттен жасырын сыр тыңдаған, Ақбұлақ.
Со бір сырды жасырын ала қашқан, Ақбұлақ.
Арынынан басылмай далаға асқан, Ақбұлақ.

Арудайын еркелеп мың бұралған, Ақбұлақ. 
Мөлдіріне арайды күннен алған, Ақбұлак.
Сен болмасаң түз гүлі ашылмайды, Ақбұлақ.
Саған деген құмарым басылмайды, Ақбұлақ.

Сенің келіп жағаңа Анам талай су алған.
Сенің келіп жағаңа Әкем атын  суарған.
Айналайын Ақбұлақ, асыр салғам жағаңда.
Сенен артық өңірді бұл әлемнен  табам ба!
                 

 

                  АҚ СӘУЛЕ 
Мен үшін таң нұры тек сенен таралған.
Мен содан өшпейтін мәңгілік нәр алғам.
Мен үшін жалғыз сен Күн болып жаралған,
Сен жоқта қайғы-мұң жүрекке жамалған.
 
Жаз - күлкің жанымды самал боп желпиді,
Жас көңіл деміңнен мас болып елтиді.
Кейде бір қалықтап кетеді күй болып,
Кейде бір тасыған дариядай көлкиді.
 
Қызығым, қызуым бір өзің, шырайлым,
Қалайша сені мен көре алмай шыдаймын.
Көзімнің алдынан сен кетсең аулаққа,
Кесілген теректей жер қауып құлаймын.
 
Сенсіз мен ғаламңың шұғыласын ала алман,
Сенсіз мен, ақ сәулем, жан сая таба алман.
 
Сенсіз мен ғаріппін, түнекке қамалған.
Сенсіз мен бұл жарық дүниеде кала алман.
Сенсіз мен, ақ сәулем, жан сая таба алман!
 
   
      АҚТӨБЕ ВАЛЬСІ
Көгінен шалқып күн тұрған,
Көңілімнен шалқып жыр туған,
Жерінде алуан кені бар,
Еңбекте жайнар ері бар. .
Ақтөбем- әннің мекені.
Ақтөбем- дәннің мекені.
Қиялым бейне қүс болып
Қияңды шарлап кетеді.
 
Төрт түлік малға бай далам.
Қойлары майдан шайлаған.
Қазығын құлын айналған
Баладай бота ойнаған,
Ақтөбем - алтын аймағым.
Төріңде қызыл байрағым.
Өзіңде гүлдей жайнадым.
Өмірдің тойын тойладым.
 
Көргенде көркем қаласын
Ғажайып әсер аласың.
Түтіні көкке шарқ ұрған
Заводтар әнмен шақырған,
Ақтөбе - туған мекенім.
Ойласам толқып кетемін,
Ұл-қызы - еңбек еркесі.
Ақтөбем - ән-күй өлкесі.
 
СҮР БОЙДАҚ ӘНІ
          (Әзіл)
Жастық шақта, шіркін-ай, шалқып жүрдім!
Махаббаттың отына балқый жүрдім!
Қырық жасқа келгенше қыз қарамай,
Жалғыздықтың азабын тартып жүрмін.
 
Қайғы отынан бұл күнде жанып тұрмын,
Ақсұңқарым, тіл қатпай зарықтырдың.
Мәңгі-бақи, өмірде ердім саған.
Постоянный сөзімді бердім саған!
Постоянный сөзімді бердім саған!
 
Бота тірсек, бұраң бел,
                                       ақ тамағым,
Тілегімді, әттең, сен ақтамадың.
Терезенің түбіне келгенімде
 Есігіңді тастай ғып жаппа, жаным!
 
Кайран күнім өтті ғой толқуменен,
Әр сұлұдың соңынан жортуменен.
Не десең де көтерем, айналайын,
Қайталашы сөзіңді «шорту» деген?!
 
 
           ЖӘМИЛӘНІҢ ӘНІ
                                   Досым Калжанға
Жалғанға жалғыз симадым 1
 Жарқылдап келсең болмай ма!
Жан еркем, жанды қинадың,
Жайымды білсең болмай ма!
 
Қайғының дерті жүдетті,
Бәлкім сен оны сезбессің.
Жүдетер болсаң жүректі,
Жаным-ау, неге кездестің!
 
Айрылдым, жаным, төзімнен,
Жүзіңді көріп гүл жанған.
Армансыз өтсін өзіңмен
Азғана күнгі бұл жалған!
 
  
ЖАН-ЖАРЫМ
Еске алсам жастық шақтың белестерін,
Жан жарым, сен алдымнан елестедің.
Аққуым, айналайын,
Ақ жүзің айнадайын
Нұр сепкен,
                        өшпес күндей жүрегіме,
Өзің ғой бұл өмірде тел өскенім.
 
Кұс болып қанат қақты асыл арман,
Құшағы мол бақыттың ашылды алдан.
Аққуым, айналайын,
Көп айтыи неғылайын
Қаймағы бұзылмаған қайран достық,
Асырар әлі талай асулардан!
 
 
 
             НҰРЛЫ ЕЛІМ
Туған елім - алтын ұям, гүл-бағым,
Сеніменен бірге жаным, бірге әнім.
Сенің ғана жазиралы саяңда
Көкейімде күмбірлейді күйлі ағын.
 
Сүйем сенің мөлдіреген көгіңді
Сүйем сенің терең сырлы көліңді.
Саған деген махаббаты көңілдің
Жүрегімнен өлең болып төгілді.
 
Бар келбетің көз алдымда тұр менің,
Сенімен мәңгі-бақи біргемін.
Сеніменен өседі ылғи мерейім,
Гүлдей берші, гүлдей берші,
                                          нұрлы елім!
 
 
          АҚТОТЫ
Ақтотым, сен деп кездім
АқтөбенІң атырабын.
Сені ойлап ұзак күнді батырамын,
Аруым айналайын, ақтотыжан.
Өзіңді аңсауменен
Жем-Сағызды араладым.
Жетсін деп алыстағы саған әнім.
Аруым айналайын, ақтотыжан.
 
Ағарған таңым едің.
Аяулы жаным едің.
Қайдасың, аққұсым,
Алыстан аңсаған
Қайдасың бақ кұсым!
Сағынып сені іздеймін.
Сабылып сені іздеймін.
Ақтотым аяулы еркем - арман құсым.
 
Арманым шалқып жатқан
Шалқар көлдің толқынында.
Еске алын бір кез мені толқыдың ба,
Аруым айналайын, ақтотыжан.
Құм кездім, шықтым сонау
Мұғаджардың асқарына.
Қиялдан қанат байлап жас жаныма,
Аруым айналайын, ақтотыжан.
 
Шарқ ұрып аралаймын
Ақтөбенің атырабын.
Әнменен атыңды атап шақырамын,
Аруым айналайын, ақтотыжан.
 Жолдасам даладағы
Еркін ескен самал желден,
Жетер ме ынтызарым саған деген,
Аруым айналайын, ақтотыжан.
 
 
                ГҮЛСІМ-АУ
Қарлығаш қанаты -қасың бар.
Қара түн - мақпалдай шашың бар.
Ақ маңдай кең жазық -Ай ма екен.
Перизат бір сендей қайда екен!
 
Гүлсім-ау, Гүлсім-ау,
Айналайын Гүлсім-ау,
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсің-ау!
 
Гауһардай жайнаған жанарың,
Жалт етсе күйемін, жанамын,
Бойды алған күлкің бар,
                                 назың бар,
Бір саған арналған сазым бар.
  
Гүлсім-ау,
              Гүлсім-ау,
Айналайын Гүлсім-ау,
Қарсы алдымнан қашанда
Шалқып шыққан күнсің-ау!
 
Азабың тартқан жан мен бе едім.
Сиқырлы періштем сен бе едің.
Сәулем-ау,
                    самалды жел ме едің,
От па едің, дерт пе едің -білмедім!
  
Гүлсім-ау, Гүлсім-ау,
Айналайын Гүлсім-ау,
Алыстаған армандай
Зарықтырып жүрсің-ау,
 
              АЛМАТЫ
Кел, достар, жер жанатын жыр етелік
Жырменен жанымызды тербетелік.
Қойғандай астанамның әр көшесі,
Самсаған қызыл гүлден ту көтеріп.
Алматым, аймағысың салтанаттың,
Алматым, құшағыңда жарқыл қақтым.
Сенде мен күйін тарттым махаббаттың
Сендс мен арманымның отын жақтым.
 
Тауы бар таң алдында сары алтыдай,
Ағады күміс бұлақ алға тынбай.
Көктегі күннің өзі қызығатын,
Бар ма екен жер жанаты Алматымдай!

 

 
АЙНАЛАЙЫН БӨПЕШІМ
 
Әлди-әлди, жан бөпем,
Әнмен бөпем, тербетем.
Ұйықтасын деп баласы
Әлднлейді анасы.
Әлди-әлди, әлди - деп,
Аймалайды анашың.
Алма бетің үлбіреп,
Бақыт құшқан баласың.
Көк жүзіме Күн болған,
Көкірегіме күй болған
Бөпем өсіп гүлдеші,
Қайғы-мұңды білмеші!
Айдай болған жүзіңді,
Аймалайын, бөпешім.
Әлдилейін өзіңді,
Айналайын, бөпешім.