Б а ғ л а н.
Жан апа, ұялттыныз Алманы.
А н а.
Сендерден бүгіп сыр сақтап,
Бөгеліп қалар жер ме еді.
Қос жанарым, қарашығым,
Ризамын бұл күніме.
Жалғыз ғана бұл бақытты,
Әкең марқұм көрмеді.,,
А н а. (Бағлан мен Алмаға)
Құлындарым тұрмаңдар,
Той жабдығын жасаңдар —
(Үйге енеді.)
Б а ғ л а н.
Ал қимылда, Алмажан,
Жас келінге не тұрыс?
(Алмаға эзілмен)
А л м а. (Бұ да әзілмен) —
Қелін емес күйеуге
Жүктеледі бұл жұмыс,
Түс алдыма, үйге кір!
Б а ғ л а н.
Бұйыра біледі екенсің,
Еркелей біл, сүйе біл...
(Екеуі үйге еніп, стол—отырғыиітар көтеріп шығады
да, той жабдығына кіріседі).
(Әзілхан келе жатыр).
Ә з і л х а н.
Апам қайда, апам қайда, тез шақыр!
Келіп қалды, келіп қалды жас келін.
Жақсы райлы, дәл осындай шақта бір,
Сый-сияпат шашуларды ескерің!
А н а.
Ақсар басты атадым
Балапандар жолына.
Ақ тілекпеи айтарым:
Айна бұлақ - көңілдің,
Мәуелі жеміс - өмірдің,
Қожасы болған, жандарым,
Топ қосылсын тобыңа,
Той қосылсын тойыңа.
Өмірден жайнап өтіңдер,
Мол мұратқа жетіңдер!
Құлпыра жанып гүл шағың,
Бақытқа толсын құшағың,
Жас келінім -жан сәулем!
(Ана келіп Гүлжан мен Арманның маңдайынан сүйеді.)
Бірінші жігіт.
Қабыл болсын кашанда,
Анажан айтқан өз тілек.
К ө п ш і л і к. (Гүлжанға.)
Жаңа келген жас құрбы,
Кұлпырып өтсін бұл шағың.
Жайнап өтсін жас көңіл,
Бақытқа толсын құшағың!
(Көпшілік біртіндеп гүл үсынады. Арман мен Гүлжан
құшагы гүлге толган.)
Ә з і л х а н.
Құрбы-құрдас мәртебелі,
Тарту еттік май гүлін.
Құрбы-кұрдас мәртебелі,
Құтты болсын той күнің!
(Арман мен Гүлжан топтан бір сәтке оқшауланады.)
Дуэт:
Жас дәурен карап тұрсаң шаттык-думан,
Жандармыз бұл өмірден бақыт куған.
Сөнбесін жүректегі жақсы үміттің
Сәулесі шам-шырақтай жанып тұрған!
Калқам-ау, сенсің менің бақыт күнім,
Өзіңнің нұр бейнеңнен балқып тұрмын.
Өкпем жоқ өміріме жаным, жарым,
Сенімен мәңгі-бақи бақыттымын!
(Домбырамен қарт ақын толғайды)
Қ а р т ақын.
Ал, домбырам кәрі дос,
Қуанышты әнге қос.
Күмбірлейтін бұл күнің.
Көмекейім бүлкілде,
Саған-дағы туды сын.
Үлкен-кіші әлеумет,
Елегізіп елеңдеп,
Ақынынан сөз күтіп,
Қаумаласып тұр бүгін.
Жас жұбанлар қосылған
Жазиралы тойында
Шын шабытпен шырқайтын,
Бұл жарқын жаз - нұрлы күн!
Сыр-сипатың күн тектес,
Сипаттауға тіл жетпес,
Ақылың -кең ағылған,
Бар қасиет, бар қадыр,
Бір өзіннен табылған,
Жаңа мейман -жас келін,
Саған. жаным, бір сәлем!
Асуы бар алдында
Ұлы өмірге жол тартқан,
Сол бір жолда қиыспас
Құрбысына қол артқан,
Тетелесі тел өскен
Бал мінезі жарасып,
Жақсы күнді бір кешкен,
Жас келіннің кайнысы,
Бағланжанға бір сәлем!
Бар бақыттың қожасы,
Ұл-кыздардың панасы,
Алатаудың қарындай
Ақшашты ғазиз анаға
Топ атынан мың сәлем!
Көнілдің күйі-кұдірет,
Өмірім құшақ жайғансын.
Жырламай кайтып тынайын.
Осындай алқа жиында,
Өз жұртым құрмет қылғансын.
Әсем сазды әуенмен,
Көк жүзіне ән барсын!
Қыр төсінде құлпырған,
Қырмызы гулдей жандарсың!
Асыл сөздің шұрайы.
Сендерге де арналсын
Баршаңызға бір сәлем!
(Бұл кезде қыз-жігіттер көпшілік биіне билейді.
Көңілді думан басталады.)
Хор:
Қөп рахмет достар сізге,
Арманы бір, ойы бір!
Кең құшағын ашты бізге
Тамашалы тойлы өмір.
Шырай берген көңілімізге
Мың сан рахмет анамызға!
Мың сан рахмет, достар, сізге,
Достар сізге жан риза!
(Үйге даладан жас жігіт жүгіріп келеді.)
Ж і г і т.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Суық хабар! Суық хабар!..
К ө п ш і л і к:
Ол не хабар?
Ол не хабар?!
Ол не хабар?!
(Жігіт радионы сөйлетеді.)
Диктор даусы:
Бейбіт жатқан байтақ елімізге,
Неміс басқыншылары басып кірді...
(Көпшілік аң-таң күйде қалған.)
(Вокзал. Перрон. Кызыл вагондар составы. Жер қайыс- қан қалың қолды ата-аналары майданға аттандырып жатыр. Әр жерде әркім ұл-қыздарымен қоштасуда. Поездың жүруіне бірінші қоңырау соғылды. Перронның бір шетінен солдат киіміндегі Арман мен Бағланды шығаруға келе жатқан Ана, Гүлжан, Алма көрінеді.)
А н а.
Қос қанатым, аман бол,
Анаңның ақтық айтары:
Сапарларың оң болсын!
Қаныпезер жауыңның,
Көргені қайғы-сор болсын!
Қай жерде жүрсең ойланып,
Анаңды еске ала жүр.
Жел айдаған бұлтпенен
Әлде қайтқан құспенен,
Сәлемді жолдап сала жүр.
(Көзіне жас алады.)
А р м а н.
Жалғыз тілек бір өзіңнен өтінер;
Қайғыра көрме, жан ана!
Б а ғ л а н.
Ер азамат үйде тыныш қалар ма?!
Қайғыра көрме, жан ана!
(Ана балаларын көкірегіне қысады)
А р м а н.
Қош, апа!
Б а ғ л а н.
Оралғанша бұл сапардан, бол аман!
А л м а.
Сен оралар жолыңа көп қарармын.
Б а ғ л а н.
Қайда жүрсем сені ойыма алармын.
А л м а.
Міне, орамал, сын сағатта қолыңа ал.
Б а ғ л а н.
Өзің берген жасыл жібек орамал.
А р м а н. (Гүлжанға)
Тапсырдым, Гүлім.
Г ү л ж а н.
Амандығың тілеймін...
А р м а н.
Қош, жаным.
(Үшінші қоңырау соғылады.)
А н а.
Маңдайда екі жұлдызым!
Көруге жаздыр жасаған,
Қос қарақтың нұр жүзін! (Қөпіиілікке)
Бәріне айтар тілегі,
Туған елдің әрдайым
Сендер деп соғар жүрегі.
Қас жауыңның алдында
Қайыспайтын қайсар бол!
Тегеуріні темірдей,
Тапжылмас өңшең жайсаң қол,
Сендерге айтар өсиет:
Арыстандай айбатпен,
Жолбарыстай жүрекпен,
Құрыштай берік қайратпен,
Жауды құрт, жоғалт жер-көктен!
Алтын арай сәулені,
Таңды атыр түнді түнектен!
Бұл еліңнің әмірі!
Құрбы-құрдас бірге өскен
Қарындастың әмірі!
Тетелесің тел өскен
Балғын жастың әмірі!
Белдескенде бекем бол,
Берік ұста қаруды!
Елде қалған елеңдеп
Еске ал сүйген аруды.
Жауды құртпай еш тынба!
Ұландарым қадірлі —
Бұл айтылған аманат,
Ата-ананың әмірі!
(Ана өсиеті солдат әні фонында айтылады.)
5.
(Ана үйінің бөлмесі)
Гүлжан. (Жалғыз)
Жылдар күтіп сағындым-ау, өзіңді!
Ойлай-ойлай, ой таусылды сорым ба,
Арман жаным,
Сенің үшін жаспен жудым жүзімді
Сонау кезгі тойлы-думан, шаттық кез,
Енді қайтіп оралмастай сезілді.
Естілмейді бұл күндерде жақсы сөз.
Кім ұрлады,
Кім улады сол бір жастық сезімді?
Жас өмірім мезгіл жетпей солдың ба?
Көңіл құсым қоштасқандай болдың ба,
Асыл жарым,
Бір жолата қалдым ба әлде айрылып?!
А н а. (кіре
берісте)
Қайдасың, Гүлім?
Мен мұндамын, апатай.
А н а.
Келмеді ме сш хабар?
Г ү л ж а н.
Жоқ, апа.
А н а.
(Гүлжан анаға жақындап, қуіиағына енеді. Ана оның
Қуқыл тартып түрің
Сонша неге бозарған.
Ауырдың ба әлде?
Г ү л ж а н.
Жоқ, апа!
А н а. (өзіне)
Сағындым! Шыдап жүрмін амалым жоқ.
Зұлым жау қанатымды қайырар ма,
Қос ботам сендерді екі айырар ма.
Анаңның жүрегіне қайғы салма!
Г ү л ж а н. (өзіне)
Бір
хабар келер деген сенім бар-ды.
Жолыңа
қарай-қарай көзім талды.
Қапалы
ой, аулақ менен, арбамашы,
Жүректе
бір жақсылық сезім бар-ды.
А н а.
Жан
балам, қапаланба, көп налыма,
Сәулелі
үміт жина пәк жаныңа.
Г ү л ж а н.
Хабар-ошар
болмаған соң Арманнан,
Сағыныш
қой шалғай тұсқа арналған.
(терезе алдына қарай ойысады)
Ана.
Үміт,
шіркін, жақсы ғой!..
(Төрде ілулі түрған балаларының портретін жаулығының
үшымен сүртеді).
Орнатқан
жазды жаныма,
Кос
ботам, менің қарағым.
Ұзатып
салған жолыңа
Сарыла
күнде қарадым.
Сағынышымды
сарғайған,
Жіберсем
жолдап самалдан,
Берер
ме хабар хал-жайдан
Кеудеге күй боп қамалған.
Жырақта
жүрген қос қарак,
Оралып
кайта келер ме,
Құшаққа
күн боп енер ме!..
Г ү л ж а н. (Терезеден далаға тесіле қарап)
Шүйінші,
апа, шүйінші!
Келе
жатыр!
Келді
ғой, келді ғой, әне, балаң!
Ана. (Буыны
босап, сүріне-қабына есікке беттейді)
Арман!..
Бағлан!..
Қос
қарғам!..
(Тыстан
офицер киіміндегі адам енеді)
О ф и ц е р.
Армысыз,
анажан!
А н а.
Бармысың,
балам!..
Қайдансың?
О ф и ц е р.
Майданнан,
ана!
(Біртіндеп көріиі-қолаң жинала бастайды. Олардық
арасында қарт жұмыскер, Алма да бар)
Қ а р т ж ұ м ы
с к е р.
Арман
мен Бағланның бірі ғой деп
ойлап ек.
К е м п і р.
О ф ицер.
Бағлан!
Бағлан!..
Ана.
Немене,
қарағым!..
Бағланжанның
бір хабарын білдің бе?
Офицер.
Япырай,
ана...
(Ананы
құшақтай алады да, үндемей қалады)
Ана.
Айтшы,
аман ба, Бағлан?
О ф и ц е р.
Балаңыздың
хабарын
Өзіңізге
арнайы
Антуға
жолдан түсіп ем...
(қиналып
қьісылады)
Ана.
Күнім-ау,
неге антпайсың,
Неге
айтпайсың ендеше?
Не
білгенің бар еді?
Қарт жұмыскер.
Не
білгенің бар еді?
Офицер. (күрсініп)
Соғыстың
өртін бір кешкен,
Жолдасым
еді сыйлайтын.
Жауынгер
адал жан еді,
Сондықтан
да қимаймын...
К а р т ж ұ м ы
с к е р.
Айтыңыз
оған не болды?
Сарғайған
сорлы ананың
Көкірегіне
шер толды.
К е м п і р.
Ол
кай күні келеді?
О ф и ц е р.
Япырай,
жұртым қинадың!..
(Койнынан
Бағланның суретін, документтерін
шығарады
)
Бекем
бол ана, мықты бол!..
Қанды
майдан төрінде
Өмір
үшін айқасып,
Кеудесін
тосты ол өлімге.
Оның
жарқын бейнесі
Естелікке
сақталды
Туған
жердің шегінде.
А н а.
Аһ!
Ботам! Ботам!..
Не
естідім, өлім бе?..
(Ана
құлап түседі. Көпшілік сүйемелдейді)
(Тыныштық. Аздан соң Ана басын көтереді)
А н а.
Жан баламның артында
Мұндай да күнді көрдім бе?..
Сұрқия-соғыс, сұм ажал,
Неге
сен салдың өртіңді.
Қайғының
бұлтын торлатып,
Сұм
соғыс сонша сорлатып,
Өмірден
алдың көркімді!
Бағланым
еді - базарым,
Базарым
көшті қиянға,
Қайдан
іздеп табармын,
Көрмеске,
әсте қиям ба!
Мәуелі
мен бір терек ем,
Соқты
да дауыл, шайқалдым.
Жапырағымды
жел үзді
Мұнымды кімге айтармын!..
(Алма бетін қолымен
басып, жылап іиығып кетеді. Ал, жасқа булыққан Ана бір ноқаттан көз айырмай
қала- дьі. Онық көзіне Арман мен Бағлан елестейді.)
А н а о й ы.
Сенбеймін, сенбеймің.Арманым келеді, Бағланым келеді.Қарсы алайын, көкірегіме қысайын,Қысайын да құшайын!Келіңдерші, келіңдер!Уыздай болған қос бөбек,Кіп-кішкентай саусағын,Анасына береді.Өлімге ешбір қимаймын,Күнікейлерім келеді!..(Қабырғада ілулі тұрған ұлкен суреттсрдің орнына Арман мен Бағлан елес береді).
А р м а н.
Апа!
Б а ғ л а н.
Апа!
А н а.
Бармысың,
күндерім?
А р м а н.
Тіріміз!
Б а ғ л а н.
Тіріміз.
А н а.
Құлыншақтарым!..
А р м а н.
Қайғырма, апа! Мен өлімді
жеңдім!. Жаумен жағаласта өмірді түсіндім. Мен Отанымды, Анажан, сені сүйемін. Сол
үшін де тірі қалдым. Әлі де жаумен айқасам. Қырқысып өтем! Жеңілмеймін, бірақ!
Өйткені, тірегім сен барсың. Күш-куатым елім бар. Жеңіледі, тізе бүгеді
дұшпаның! Тек қайысып, қайғырма! (Көзден гайып болады.)
Жан
апа, жылама. Мен де тірімін: Мен де өлімді жеңдім! Сан шайқаста жауыммен, өз
алдыңда балалық борышымды өтедім. Ақ сүтіңді ақтадым. Тай-таласта тайсалмадым
жауыңнан. Әрдайым панам сен болдың, жан апа, достарым болды қорғаушым. Тек қана
жылама! Берік бол! (Бұл да ғайып болады. Көпшілік ананы қаумалаған қалпында.
Бұл кезде ана жанарында жас жоқ тек ызаның ізі бар. Ол тас-түйін боп бекінген күйде
қалған.)
(Арада тагы жылдар өткен. Ана үйінің ауласы. Кеш. Алдымызда жалғыз адамның көлеңкесі пайда бола бас тайды. Көлеңке жақындай-жақындай адамга айналады. Бір аяғын сылти басқан, бір бастыра маңдайын шарт таңып алған, солдат киіміндегі адамды көреміз. Ол үйге кірді де тез шықты. Айналасына жалтақ-жал тақ қарап әлдекімді іздегендей. Міне, олай-бұлай жүгірді де, кілт тоқтады. Бұл келген Арман еді. Оның түр бейнесі мүлде өзгеріп кеткен.)
А р м а н.
О,
дүнне, бұл не сұмдық!
Апам
қайда, Гүлжан қайда? Бағлан қайда?
Мынау
менің туған үйім, мекенім.
Көрсеттің
бе, тағдыр, маған тұл күйінде екенін,
Мезгіл
саған қандай айла, тағдыр саған қандай шара, Ойыма алсам қайғы күйін шертемін,
Өзім
бе, әлде, бұл жағдайға кінәлі? –
Түр-снқымды
хатқа жазып, хабарлауға неге әлім
жетпеді?
Күйініштің
оты лаулап ішті өртеген өзімшіл өр
көкірек,
Осындай
бір тар қапасқа сеп пе еді!
Неге
айтпадым бар шынымды, не үшін батылым
жетпеді?..
Бұл
сиқымды көрген күнде, анам банғұс өз баласын '
кінәлар
ма?!
Ұлын
сүйген сорлы анада кінә бар ма!
Тілек
қосқан, арман қосқан, ай шырайлы жарым
кайда?
Тату-тәтті
күндер қайда, күндер қайда,
Тіршіліктің
сәнді көркі-гүлдер кайда, гүлдер қайда?
Лағнет
саған соғыс-ажал, .
Лағнет
саған соғыс-тажал!
(Арман
өзіне қарай келе жатқандарды байқап, терек
түбіне
ойысады)
(Жұмыстан
қайтқан Гүлжан, Әзілхан көрінеді)
Ә з і л х а н.
Қапалы
ойды, Гүлжан, көп айта бер ме...
Аһ
ұрғанмен келе ме Арман енді?..
Г ү л ж а н.
Айтамын
да бұлтарыс өмір жолын...
Ә з і л х а н.
Ұсынуға батпадым достық қолды...
Айта алмадым өзіңе жан сырымды,
Айта алмадым, Гүлжан-ай, бар шынымды...
Г ү л ж а н.
Сен
маған не айтып келесің,
Қалай
ед сөзің төркіні?..
(Әзілхан,
сүйінішпен қарайды. Гүлжан үнсіз. Екеуі үйге
енеді.)
А р м а н.
Уа,
өмір, ажал оғымен
Тағы
да бірге қосыла,
Көрсеткен
сыйың осы ма!..
Шынында
мендей қаріпті
Қырдың
гүлі қайтеді?!..
Кесел
болмай Арман, сен,
Қалауын
қосқан жандарға
Ізіңмен келген кайт енді!
Бұл
күйге түскен кезінде,
Саған
деген ежелгі,
Махаббат жолы қараңғы.
Онсызда
жүдеу жаныңа
Міне,
енді тағы да
Хасірет
оғы қадалды.
Бір
кезде сүйген жарыңа
Қалбиған
мынау түріңмен
Көрсете
көрме қараңды!
(Үйден Гүлжан мен Әзілхан шығады. Арман терек тү-
біне қайта жасырынады.)
Ә з і л х а н.
Саған
жар болса сол Арман,
Қимасым
еді менің де.
Амал
жоқ, қайттік енді біз,
Жаныңа
күзді орнатпа,
Сенімге
жол бер, сенімге!
Г ү л ж а н.
Айта
көрме ол сөзді! і
Ә з і л х а н.
Антым
осы-ак, сені ғана шолпаным
деп
жүрейін,
Сен
не десең, сен не көрсең бұл өмірде
менде
бірге көрейін.
Г ү л ж а н.
Тоқтат
енді Әзілхан! (өзіне)
Бас
айналды, сорым ба, әлде, бағым ба?
Шынын
айтты, кінәлі ме ол соған!..
Әзі л х а н.
Ақтық
сөзім, сенсің барым, арым да,
Берші
бақыт, берші шаттық жаныңа!
Сен
үшін мен бұл жалғанда күйейінші
лаулаған
от-жалынға!..
Г ү л ж а н.
Әзілхан!..
Ә з і л х а н.
Айтшы жаным, кірпігіңе,Жасың неге іркілді?Күндей болған, күндей болғанКөрсетші бір, көрсетші бір күлкіңді?!(Гулжан үн-түнсіз Әзілханға жақындай туседі. Әзіл-хан да жақындайдьі)
Г ү л ж а н. (есін жиып)
Жоқ-жоқ!
Сорлы
ананың карғысына қала алман!
Оны
жалғыз тастап кетсем,
Одан
артық лағнет-қамыт болар ма!..
Ә з і л х а н.
Анаға
пана боламыз, бала боламыз,
Пана
боламыз біз оған.
Гүлжан!
Гүлжан, сенші маған, ерші маған!
Г ү л ж а н.
Козғама
енді бұл сөзді (өзіне)
Не
болдым мен,
Ой
жалған, жалған!..
(Кетуге
ыңғайланады)
Ә з і л х а н.
Гүлжан,
Гүлжан...
Г ү л ж а н.
Жок,
Әзілхан, анттым ғой мен болмайды!
Ә з і л х а н.
Тоқта,
Гүлжан, тыңдашы өзің, бар арманың,
барымды!
Г ү л ж а н. (Арманды көріп.)
Бұл кім?
Ә з і л х а н.
Бәсе,
иесіз үйді торыған?..
А р м а н
Жолаушымыз,
Айтынызшы, бұл үй неге қаңыраған?
Мынау
әсем гүлді баққа не болған?
Әзілхан.
Танымадық,
өз жөніңді айт алдымен?
А р м а н.
Қайда
кеткен иелері бұл үйдің?
Әзі лха н.
Тұрушы
еді екі бірдей ұлымен,
Мейірімі
мол, жақсы ана.
Сол
екі ұлын соғыс өрті жалмады.
А р м а н. (өзіне)
Иә!..
Ауыр сын! Қауырт күн!
Гүлжан. (өзіне)
Тоқта...
Бұл не? Өңім бе?..
А р м а н.
Түңілме,
сұлу, әрқилы сәтгер болады,
Осынау
белес өмірде!..
Г ү л ж а н. (өзіне)
О,
дүние! Жүрегім нені сезеді, кұдірет бар
ғон сөзінде!
А р м а н.
Сандуғаш құсын сағынар,
Оның да жайнар шағы бар,
Жан құрбым, әлі жассың ғой,
Жас дәурең екі келмейді
Мәпелен біл кезінде
Еркіндік бер де сезімге!..
(Гүл-баққа қарай теріс айналып кетеді.)
Г ү л ж а н.
Шыдам
бар ғой төзімге,
(бір аттай түсіп)
Шыққыр
көзім шықпаса,
Жанымда
тұрған осы кез,
Қиялымның
сәулесі
Арманжаным,
өзің бе?!
(құшагын
жайып барып, Арманды қапсыра құшақтайды )
Ә з і л х а н.
Арман
ғой, Арман...
(көршілерге
хабарлауға кетеді.)
А р м а н. (Бір
қырын қарап тұрып)
Қарауға
дәтім жетер ме
Сенің
айдай жүзіңе!..
Г ү л ж а н.
Неге, неге?
А р м а н.
Мынау түр, мынау сыйқыммен
Жайнаған гүлдей өзіңе,
Айтшы, сірә, теңмін бе?..
Г ү л ж а н.
Солай ойлар сенбе,
Ер жігіттің шырайы көкірегінің көзінде,
Мен өмірде тек өзіңді қалағам,
Жүрегімді жүрегіңе балағам!
(Екеуі құшақтасады.)
А р м а н.
(Жұмыстан қайтқан Ана келе жатады)
(шыдап тура алмай)
А р м а н.
Апа!
Апа!..
А н а.
(құшағын жайып ұмтылып барып тұрып қалады)
А р м а н.
Апа,
мең ғой, апа! Арманыңмын!
А н а.
Арман!.. Арман!..
А р м а н. (Өз гимнастеркасының омырауын қолымен айырып жіберді)
Танымайды!
А н а. (Аз тұрады да аңырып, бас салды баласын)
Ай!
Жаным
балам, күнім ботам, келдің бе сен,
Көрдім
бе мен, иіді ғой міне енді қос маман,
Шам
шырағым маңдайдағы,
Куанышым,
қарашығым,
Бар
арманым, жұбанышым,
Сенің
үшін тарттым өмір азабын,
Енді
міне, көңілім күндей, .
Шер-шеменді
шығармаймын азалы үн!
Арманжаным,
көрмейінші
Көрмейінші
бұл өмірдің мазағын!
(Ана
мен бала бірін-бірі аймалайды. Халық қаумалайды)
Көпшілік.
Жыламаңыз,
енді анажан,
Оралды
ғой, өзіңізге ақ ботаң,
Ана.
Жыламаймын,
жыламаймын, жұртым,
енді жыламан.
Қуаныштан
жарылар ма бұл адам!
Келші
бері, қасіретіме шипа болған,
жан қарғам!
(Арманды құіиағына қыса түседі).
ЭПИЛОГ ОРНЫНА
А н а.
Бейбітшілік деген сөзді, бар ананын атынан,
Бүкіл әлем аспанына жүрегіммен жазамын!
Мен анамын, мен анамын!
Көре алмаймын қасіретін, тарта алмаймын
тақсыретін.
Ақ сүт беріп асыраған баламның!
Мен анамын, меи анамын, тыныштықты,
татулықты, қалаймын!
Бүкіл ана атыменен, дүниеге жар салам!
Дүлей, тажал сұм соғыстың жалақтаған
Кызыл жалын отыменен шарпылмасын бар
ғалам!
( Ана
даусын хальщ қоіитайды)
Бейбіт құс көктің жүзін шарла, тынба
Қызмет ет, таза жанды, бар халқыңа.
Өркен жайсын бейбіт күн! — деген сөзді,
Жаздық біз, ақкөгершін, қанатыңа!
Барлық ана атынан күллі әлемге жар салған,
Біз жолдайтын сондағы ұран:
Соғыс өрттің жалақтаған
Қызыл жалын отыменен,
Шарпылмасын бар галам! Барлық жерде,
Барлық елде, Бейбіт күнді,
Шат өмірді арыменен, жаныменен,
Корғай білсін бар адам, бар адам!